1000-ға жуық ертегі жинақталған "Orda  ертегілері" кітабы таныстырылды

/image/2021/10/21/crop-18_175_869x1545_img_4536.jpg

Нұр-Сұлтандағы Ұлттық академиялық кітапханада "OrdaGen" әлеуметтік-танымдық жобасының "Orda  ертегілері" кітабының тұсаукесері өтті.

OrdaGen жобасы ұлттық және адамзатқа ортақ биік құндылықтарды жаңа технологиялар форматына икемдеп, аңыздар мен ертегілер арқылы болашақ ұрпақ санасына сіңіруді көздейді.

Бүгінге дейін жоба аясында 1000-ға жуық заманауи ертегі жазылып, әр ертегінің аудионұсқасы дайындалған. Үш түрлі тақырыпта қысқаметрлі мультфильм түсіріліп, "OrdaGen" мобильді қосымшасы пайдалануға берілген.

– Біз мұнымен тоқтамаймыз. Алдағы уақытта бүлдіршіндерімізге OrdaGen-нің танымды дүниелерін ұсынып, ұлт үшін қызмет ете береміз. OrdaGen – 30-ға аяқ басқан азаматтардың тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаған сыйлығы, – дейді OrdaGen жобасының директоры Парасат Тәнен.

Жаңа оқу жылының қарсаңында "OrdaGen" компаниясының қолдауымен ELTANU экспедициясы басталған. Экспедиция аясында Қазақстанның әр өңірін, шалғайдағы ауыл-аймақтарды аралап, кітапсүйер балаларға сый үлестірілген. Бала болашағына азық болар танымдық, рухани қолдау мен тұлғалық даму тренингтері өткізілген.

"Сапарға OrdaGen жобасының да қосқан үлесі зор. Экспедиция құрамындағы жігіттер әр өңірдегі талантты ұл-қыздарға ОrdaGen-нің ертегі кітаптары мен Daryn Online республикалық білім беру платформасының дайындық курстарын сыйға тартқан" делінген жоба тарапынан таратылған ақпараттық хабарламада

– Ел президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың  2021 жылды "Балалар әдебиеті" жылы деп жариялауы бала тәрбиесіне аса зор көңіл бөлуіміз керек екенін көрсетуде. Президент жарлығын негізге ала отырып, Bugin Holding қолдауымен Orda Joly білім экспедициясы Қазақстанның әр өңірін аралап, көзінде оты бар өрендерге OrdaGen жобасының алғашқы ертегі кітаптарын үлестірді, – деді Ordagen жобасының негізін қалаушы Айбек Қуатбай.

Айбек Дуанбай

Кітап тұсаукесеріне мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай, Balapan телеарнасының директоры Қымбат Досжан, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Максим Рожин, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Бижан Игенбаева, Jas Otan ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбай, Jaidarman ЖҚБ президенті Есен Елеукен, Қоғамдық коммуникацияларды дамыту басқармасының басшысы Сванбаева Ақмарал, блогер Өркен Кенжебек, BTS Education негізін қалаушы Саясат Нұрбек, журналист Асхат Садырбай, «OrdaGen» жобасының негізін қалаушы, идея авторы Айбек Қуатбай, жоба директоры Парасат Тәнен, Bugin Holding жобаларының бас кеңесшісі Садық Шерімбек қатысқан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар